- Advertisement -

UFC басшысы Тони Фергюсонға үзіліс алуға кеңес берді

36

- Advertisement -

UFC президенті Дана Уайт америкалық Тони Фергюсонның карьерасына үзіліс жасаған дұрыс деп санайды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, АҚШ-та өткен UFC 249 турниріндегі Фергюсон — Гэтжи жекпе-жегі бесінші раундта аяқталған. Жекпе-жек кезінде Гэтжи 143 соққы жасады, оның 100-і қарсыласының басына тиген. Жекпе-жектен кейін Фергюсон ауруханаға түскен — бұл оның соңғы сегіз жылдағы алғашқы жеңілісі болып, 12 жеңіске созылған сериясына нүкте қойылған еді.

«Джастин Гэтжимен жекпе-жектен кейін Фергюсонның үзіліс алғанын қалаймын», — деді Уайт.

Бұған дейін Уайт Гэтжи мен жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтетінін мәлімдеген болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support