Аз қамтылған отбасыларға азық-түлік ұсынды
Аз қамтылған отбасыларға азық-түлік ұсынды
Тараз қаласы мен облыстың төрт ауданындағы 1500-ге жуық аз қамтылған отбасына азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Қазақстан бойынша қолға алынған қайырымдылық акциясына «Халық» қайырымдылық қоры мұрындық болған. Қор 20 мың азық-түлік жинақтап, төтенше жағдай режімі мен карантиндік шараларға байланысты күрделі қаржылық жағдайда қалған мұқтаж отбасыларға үлестірді. Өнімнің жалпы көлемі 1200 тоннаны құраған. Игі бастаманы алғашқылардың бірі болып еріктілер қолдап, азық-түлікті жеткізіп беруді қамтамасыз етуге барынша атсалысқан. Еріктілердің айтуынша, тұрғындар әлеуметтік көмекті өте жылы қабылдап, ризашылықтарын білдірген. Бұл бүгінгі күні бизнес тарапынан әлеуметтік қолдаудың, сондай-ақ азаматтық қоғамның бірігуінің қаншалықты маңызды екенін тағы да бір айғақтай түсті десек артық айтпаймыз. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.