Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-Министрлері Мырзакенттегі шағын ауданның құрылысын бастап берді
Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-Министрлері Мырзакенттегі шағын ауданның құрылысын бастап берді
Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ӨР Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Үкімет басшылары Мақтаарал ауданының су басқан аумақтарын аралап көрді, сондай-ақ Жаңажол ауылдық округінің Нұрлыжол, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында болып, су тасқыны салдарын жою аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. egemen.kz