Басты жаңалық

Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Колумбияның солтүстік-шығысында шағын ұшақ апатқа ұшырады. Құтқарушылар 10 адамның опат болғанын айтты. Лайнердің Араракуардан Флоренсияға ұшып бара жатқаны, дегенмен аспанға көтерілгеннен кейін біраз уақыт өткен соң жерге құлап кеткені белгілі болды. Жолаушылардың барлығы тіл тартпай кеткен. Қазіргі таңда апаттың Какет департаментінде, жергілікті джунглиде болғаны анықталды.