Мұсылмандар кинофестивалі шымылдығын ашты
Мұсылмандар кинофестивалі шымылдығын ашты
Қазан мұсылман кинофестивалі жылдан-жылға танымал болып келеді. Сондай-ақ бұдан ары қарай да дами түспек. Бұл туралы кинофестивальдің ашылуына байланысты өткен пресс-конференцияда Ресейдің мүфтилер кеңесінің мүшесі, мүфти Равил Гайнутдин мәлімдеді. «Он жылдан кейін біздің фестиваліміздің танымал болып үлгергенін көреміз. Биыл әлемнің 56 елінен 500-ге жуық өтініш келіп түсті. Оны тек мұсылман елдері ғана емес, батыс елдері де көріп, біліп отыр», - деп атап өтті Равил Гайнутдин мырза. «Бұл фестивальде іріктеу комиссиясы бірлік, бейбітшілік, сыйластық, ынтымақтастық, дінде табандылық таныту секілді өзекті мәселелерге баса назар аударып отыр. Бұл әрине қуантады. Біз зорлық-зомбылықты, қантөгіс идеологиясына қарсы жұмыс жасап жатырмыз», – дейді Қазан кинофестивалінің директоры. Фестивальдің ашылуына Татар мәдениет министрінің бірінші орынбасары Ирада Аюпова және басқа да танымал кино майталмандары келді.