- Advertisement -

Ойсыздың оразасы

118

- Advertisement -

Рамазан айы кірді деп,
Қуанып қалды Зілдібек.
Ұстамақ боп ораза,
Тамақ алды түрлі көп.

Оразасын ол ұстады,
Аштықпен өзін қыстады.
Ғайбат жаман бәрінен,
Сол жағы мұны қыстады.

Жәйіменен жұмыстың,
Бастады бірін ұрыстың.
Ауыр сөзбен көңілін,
Қалдырып тұр Күмістің.

Оразасы әйбат-ты,
Бола алмады қайратты.
Қу тірліктің жайымен,
Айтып қойды ғайбатты.

Тамақ ішпей құр жүдеп,
Тазаламай кірді көп.
Оразада әркімге,
Зіркілдеп жүр Зілдібек.

* * *
Бәріңіз де бек түсін,
Ашпысың, мейлі тоқпысың.
Ең алдымен әр адам,
Жеңу керек нәпсісін!

Мейіржан Жекебаев.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support