- Advertisement -

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ЖІГЕРЛЕНДІРДІ

123

- Advertisement -

Тоқтасын БІЛӘЛИЕВ,
жеке кәсіпкер.

Бүкіл әлем болып күресіп жатқан Covid-19 вирусы біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Тұтастай ел болып қатерлі індетке қарсы тұрғанымызға да бір жарым айдай уақыт болды. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан жағдайды ескере келе, төтенше жағдай режімін 11 мамырға дейін ұзарту туралы мәлімдемесін жариялады. Онда Президент төтенше жағдай кезінде мемлекеттің жеке адамдарға, кәсіпкерлік пен бизнеске қандай қолдау көрсеткеніне де арнайы тоқталды. Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат мемлекеттің назарында екенін жеткізді. Бұған халықтың табысын сақтау үшін қабылданған шаралар дәлел бола алады.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, пандемияның екінші кезеңі басталып кетуі де ықтимал екенін, еліміздің індеттің шарықтау шегінен өтпегенін айтты. Осындай сын сағаты туған шақта қарапайым халықтың үлкен көмегі – қоғам алдындағы жауапкершілікті сезініп, вирустың таралуын тежеп, шыдамдылық танытып үйде отыру екендігі баршаға мәлім.
Елімізде төтенше жағдай режімі енгізілгелі бері көптеген кәсіпкерлердің жұмысы тоқтады. Бұл біз сияқты өз бетінше табыс тауып отырған кәсіпкерлер қауымына қиындық әкелді. Дегенмен, Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді салықтан босатып, несиелерін тоқтатуды тапсырды. Аталған қолдау біздің жанымызға медеу болып, жігерлендірді.
Шындығында, еліміздің басынан өткеріп жатқан ауыр кезең кәсіпкерлер қауымына айтарлықтай салқынын тигізді. Күнделікті табысынан айырылып, сауда орындарын жабуға мәжбүр болды. Солай бола тұра көптеген кәсіпкерлер елдің жүгін бірге көтерді. Қайырымдылық жасап, тұрмысы төмен жандарға көмек қолын созды. Бұл – біздің бірлігімізді танытады.
Сондықтан да, баршамыз қауіпсіздік шараларын орындауымыз керек. Карантин талаптарын қатаң сақтасақ қана індеттен құтыламыз. Ең бастысы – бірлікте болайық!

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support