Ауырғандар саны 130-ға жет ті
Ауырғандар саны 130-ға жет ті
30 сәуір күні сағат 14-00-ге дейін облыста коронавирус инфекциясының үш жағдайы тіркелді. Бірінші науқас – Тараз қаласының тұрғыны. Бір күн бұрын ол дене қызуының жоғарылауына және тамақтың ауыруына қатысты шағымданған. Алынған зертханалық зерттеулер COVID-2019 ауруын растады. Жақын байланыста болған 18 тұлға анықталып, карантинге оқшауланды. Оларды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Екінші науқас – 1987 жылы туған Қордай ауданының тұрғыны. Ол бұған дейін індет жұқтырған тұлғамен байланыста болғандығы үшін карантиндік стационарға жатқызылған. Талдау нәтижелері белгілі болғаннан кейін науқас жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Сондай-ақ инфекция Атырау облысының Теңіз кентінде вахталық негізде жұмыс істейтін 1988 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғынынан да анықталды. Белгіленген алгоритмге сәйкес ол аймаққа келгеннен кейін карантиндік стационарға оқшауланған. Зертханалық талдау нәтижелері бойынша COVID-2019 диагнозы қойылды. Бет қатталып жатқанда: өңірде қауіпті індетті жұқтырған тағы 4 азамат анықталды. 30 сәуір күнгі сағат 23:00-дегі жағдай бойынша облысымызда коронавируспен ауырғандар саны 130-ға жетті.