Әлеумет

Ресейде коронавирус бойынша жаңа антирекорд орнады

Ресейде коронавирус бойынша жаңа антирекорд орнады

Ресейде бір тәулікте 9623 адамнан коронавирус анықталды, бұл рекорд көрсеткіш, - деп хабарлайды РИА Новости. Жедел штаб ақпаратына сәйкес, жаңадан вирус жұқтырғандардың 47 пайызында ауру симптомдары жоқ. Ең көп жағдай Мәскеуде - 5358 адам тіркелген. Мәскеу облысында 807 адам, Санкт-Петербургте 323 адам.

Осылайша, Ресейде инфекция жұқтырғандардың саны 124 054 адамға дейін өсті. Жедел штаб өкілдері науқастар санының күрт өсуін тест нәтижелерінің шығу жылдамдығы артқанымен түсіндірді.

tengrinews.kz