Экономика

Жұқпалы дертке шалдыққандардың саны арт ты

Жұқпалы дертке шалдыққандардың саны арт ты

28 сәуірде күндіз облыста екі жаңа COVID-2019 оқиғасы тіркелді. Науқастардың бірі – 73 жастағы Тараз қаласының тұрғыны. Ол бұған дейін дерт жұқтырған науқаспен байланыста болғандығы үшін стационарлық карантинге жатқызылған. Екінші науқас – 22 сәуірде Ресей Федерациясынан оралған Меркі ауданының тұрғыны, ол жақта туыстарымен бірге болған. 27 сәуірде ол ентігу, мұрыннан су ағуына қатысты шағыммен жедел жәрдем шақырған. КВИ-ға күдікпен провизорлық стационарға жатқызылып, алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылды, бекітілген алгоритмге сәйкес қажетті ем шараларын алуда. Бет қатталып жатқанда: өңірде қауіпті дерттің тағы үш оқиғасы тіркелді. Жалпы алғанда, 28 сәуірдегі жағдай бойынша облыста коронавирустық инфекцияның 111 жағдайы орын алды. Індет жұқтырғандардың 43-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.