Әлеумет

Қолданылған медициналық маскалар қауіпті - сарапшылар

Қолданылған медициналық маскалар қауіпті - сарапшылар

Қазақстан қалаларында көшеде, үй кіреберісінде және балалар ойнайтын алаңдарда қолданылған маскалардың жатқанын көреміз. Тұрғындар оны қоқыс жәшігіне дейін жеткізбейді. Мұндай немқұрайлық - қауіпті. Неліктен қауіпті екенін Миркобиология және вирусология институты Вирусқа қарсы қорғану лабораториясының меңгерушісі Андрей Богоявленский және әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ Экология проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Ысқақова айтып берді Көшеде жатқан маскалар түрлі ауруды, соның ішінде коронавирусты да тарата алады.

Сондай-ақ, маман медициналық маскаларда вирустың қанша уақыт бойы "тірі" болатынын айтты.

Вирусолог қолданған масканы полиэтилен пакетке салып, қоқыс жәшігіне тастауға кеңес берді.

Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ Экология проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Ысқақова маскалардың қанша уақыт бойы тозбайтынын айтты.

tengrinews.kz