Әдебиет

Қаламгер Арғынбай Бекбосынның шығармасы антологияға енді

Қаламгер Арғынбай Бекбосынның шығармасы антологияға енді

Бүгінде қазақ прозасына, жалпы қазақ әдебиетіне жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары толастаған емес. Соның бір айғағы ретінде солтүстік көршілеріміз Ресейдің «Художественная литература» баспасынан қазақ прозасының антологиясы сериясы бойынша кітаптар том-том болып шығып жатқанын да айтуға болады. Таяуда ғана аталмыш серия аясындағы кітаптың төртінші томы жарық көрді. Аталмыш жинаққа қазақ әдебиетінің мүйізі қарағайдай біршама қаламгерлерімен бір қатарда жерлесіміз, жазушы Арғынбай Бекбосынның «Течет река Талас» (Ағады Талас, ағады) атты көлемді көркем эссесі де енді. Бұл біз үшін шын мәнінде де үлкен қуаныш екені рас. Кейінгі кездері орыс тілінде бірнеше хикаят жазып, ол туындылары республикалық «Нива» әдеби журналында тұрақты түрде жарияланып келе жатқан ағамызды жаңа қуанышымен шын жүректен құттықтап, шығармашылығына үлкен табыстар тілейміз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».