Экономика

Биыл елімізде тұрғын үй сатып алу қарқыны былтырғыға қарағанда 14,7 пайызға төмендеген

Биыл елімізде тұрғын үй сатып алу қарқыны былтырғыға қарағанда 14,7 пайызға төмендеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне қарағанда, 2014 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 100 986 құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,7 пайызға аз. Сонымен қатар, комитеттің таратқан ақпаратына сәйкес, 2014 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 14 793 құрады. Аталған көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 0,5  пайызға азайған. Жалпы, тамыз айында тұрғын үйлерді сатып алу-сату мәмілелері ең көп Алматы қаласында (1 684) тіркелген. Бұдан кейінгі орында Қарағанды облысында - 1 657, сосын Шығыс Қазақстан облысында - 1 620 мәмілелер жасалған. Тамыз айында тұрғын үй сатылымының ең аз көрсеткіші Атырау облысына тиесілі, есепті кезеңде аталған өңірде жасалған мәмілелер 286-ны құрап отыр. Ал Астана қаласындағы баспана сатылымына қатысты жасалған мәмілелер тамыз айында 856-ға жеткен. Ақпарат көзі http://kazinform.kz/