Жамбылда не жаңалық?

Сарысу

Сарысу

Жайылма ауылындағы Б.Тоғызбаев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ұлттық ойынды насихаттау мақсатында асық атудан аудандық жарыс өткізді. Оған ауылдардан 8 команда қатысып, бәсекеге түсті. Жарыс барысында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ойыншылары С. Қасымбеков, С. Тырнақбаев бірінші орынды иеленді.