2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды
2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.
«Елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын», – деп көрсетілген Елбасы қол қойған Жарлықта. Сондай-ақ, құжатта Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру, Мемлекеттік комиссия туралы ереже мен Мемлекеттік комиссияның құрамын бекіту тапсырмасы берілген.
"Ақ жол-Ақпарат".