Ресей, Украина азаматтары бар жүк кемесі Жапон теңізіне батып кетті.
Ресей, Украина азаматтары бар жүк кемесі Жапон теңізіне батып кетті.
Жапон теңізінде түнде дауыл тұрып, Poline теплоходы суға батып кетті. Ресейдің Құтқару-үйлестіру мемлекеттік орталығының жедел кезекшілік бөлімі экипажда он адам болғанын, оның 9-ы құтқарылып, біреуі із-түзсіз жоғалып кеткенін айтуда.
Жоғалған теңізшіні іздеуге Сахалин теңіз-кеме шаруашылығының «Алдан» теплоходы, Жапонияның патрульдік кемесі мен Оңтүстік Кореяның «Golden shake» кеме экипаждары жұмылдырылды. Кемеде болған 9 адам Ресей Федерациясының, біреуі Украинаның азаматы. Жүк кемесі Пластун портынан Қытайға бет алған. «Poline» кемесі 1981 жылы Финляндияда жасалған. Кеме ұзындығы 83 метр, оған 3085 тонна жүк тиеуге болады.