Қазақстанның Тұңғыш Президент Қоры RBK Банкінің негізгі акционері атанды
Қазақстанның Тұңғыш Президент Қоры RBK Банкінің негізгі акционері атанды
Қазақстанның Ұлттық банкі қаржылық қадағалау сайтында Тұңғыш Президент Қорына RBK Банкінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді делінген. Жаңа акционер сатып алған акциялар сомасы нақтыланбайды. Бірақ, заңнамаға сәйкес ірі акционер мәртебесі банк акцияларының 10% - 24,99%-на ие заңды тұлғаларға беріледі. Бүгінгі күнге дейін RBK Банкінің жалғыз ірі акционері SBS Group басшысы Фарид Люхудзяев болды.