Облыс аумағындағы қолданыстағы шектеу шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Облыс аумағындағы қолданыстағы шектеу шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2020 жылдың 31 наурызынан бастап облыс аумағында енгізілген шектеу шараларына қоғам, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ұсынысы бойынша енгізілген толықтырулар мен өзгертулер: 1) Облыс пен Тараз қаласының аумағына (аумағынан) төмендегі жағдайлардан бөлек көліктер мен жолаушылардың кіруіне және шығуына тыйым салынады: – транзиттік көлік құралдары; – емделуге жіберілген адамдар (қолында медицина ұйымдарының анықтамасы немесе жекеменшік емхананың шақыруы болған жағдайда); – облыс пен Тараз қаласында тұрақты жұмыс істейтін, қолында жеке куәлігі, жұмыс беруші немесе жергілікті атқарушы орган тарапынан берілген тиісті құжаттары (жұмыс орнынан 2020 жылдың 30 наурызынан кейін берілген анықтама) бар адамдар; – Облыста уақытша немесе тұрақты тіркеуде тұрған, бұған дейін одан тыс жерлерге шыққан және тұрғылықты жеріне кері қайтып келе жатқан азаматтар; – бірінші қажеттілік тауарларын (Тамақ өнімдері, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар, шикізат, жабдықтар және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтар (құрылыс материалдары, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, техника мен жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер) құрылыс ұйымдарының, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мұқтаждықтары үшін тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасы; – құрылысқа және жөндеу жұмыстарына (арық, су қоймаларының құрылысы) қажетті арнайы техникалар жұмыс беруші немесе жергілікті атқарушы орган тарапынан берілген тиісті құжаттары (жұмыс орнынан 2020 жылдың 30 наурызынан кейін берілген анықтама) бар жағдайда; – жұмыс беруші немесе жергілікті атқарушы орган берген растайтын құжаттары (жұмыс орнынан 2020 жылдың 30 наурызынан кейін берілген анықтама) болған жағдайда суару жүйелерін (каналдар, су қоймалары және басқалар) салу, қалпына келтіру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған арнайы техникалар; – жедел-құтқару және коммуналдық қызметтердің, медициналық ұйымдардың, барлық меншік нысанындағы медициналық зертханалардың, құқық тәртібі және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы органдарының, облыстың, қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органдары айқындаған мемлекеттік және өзге де органдардың автокөлік құралдары; – Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаты бар автокөліктер мен тұлғалар (рұқсат беру және оның мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапкершілік рұқсат берген жергілікті атқарушы органға жүктеледі). 2. Қаржы ұйымдарын (банктер, микрокредиттік ұйымдар, ломбардтар) қоспағанда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі барлық нысандардың қызметі тоқтатыла тұрады. Оның ішінде: – мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар; – балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, дене тәрбиесі және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша нысандар (қосымша білім беру мекемелері), балалар мен жастар шығармашылық орталықтары, музыкалық, спорт және көркемөнер мектептері, балалар мен жасөспірімдер орталықтары, аула клубтары, жас натуралистер стансалары, оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар мен меншік нысанына қарамастан басқа да оқыту мекемелері; – балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерді (аяқ киім, киім, ойыншықтар) сақтау және сату объектілері; – азық-түлік емес тауар сататын орындар, оның ішінде үйден ашылған дүкендердің жұмысын, мал азығын дайындайтын орындарды қоспағанда; – компьютерлер (дербес компьютерлер, планшеттік дербес компьютерлер, ноутбуктер) және бейнетерминалдар (компьютерлік клубтар) және басқа да ойын-сауық объектілері арқылы халыққа қызмет көрсету нысандары; – сауда орталықтары (олардағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда); – саябақтар; – ветеринариялық дәріханалар мен клиникаларды қоспағанда, зоодүкендер; – фотосалондар; – оптика дүкендері; – азық-түлік емес дүкендері, жеткізіп беру немесе тұтынушының дүкенге бармай-ақ тауарларды алып кету қызметін қоспағанда; – өзіне-өзі қызмет көрсету көлік жууды қоспағанда, көлікжуу; – монша кешендері (оның ішінде жеке кабинкалар), санаторий-курорттық объектілер, сұлулық салондары, шаштараз, сауна және массаж кабинеттері; – бильярд залдары, интернет-клубтар, ойын залдары, боулинг-орталықтар, букмекерлік кеңселер, лото, спорт кешендері (үйірмелер, секциялар), футбол алаңдары; – автокөлік құралдарын, азық-түлік емес, киім-кешек, құрылыс тауарларын, мал базарларын сату объектілері; – азық-түлік тауарларының жәрмеңкелері; – той салондары, салтанат залдары, қонақ үйлер; – тауарларды жеткізу арқылы сату мүмкіндігін сақтай отырып, ұялы (ұялы) телефондарды сату және жөндеу бойынша дүкендер; – Қысқа мерзімді жөндеу, шиномонтаж және май ауыстыру үшін жеке тұрған бокстарды (екіден көп емес) қоспағанда, техникалық қызмет көрсету стансалары. 3. Бөлшек сауда базарлары санитарлық-дезинфекциялық режімді міндетті түрде сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады (күніне екі рет дезинфекциялық іс-шаралар өткізу, антисептикалық санитайзерлер орнату); 4. Көтерме азық-түлік қоймалары мен базарлар, супермаркеттер, азық-түлік сауда орындары, үй жанындағы дүкендер мен дәріханалар қалыпты режімде жұмысын жалғастырады; 5. Қоғамдық тамақтану объектілеріне (кафелер, мейрамханалар, барлар, асханалар, тандыр және таба нан цехтары, тез арада тамақ дайындау объектілері және басқалар) тапсырыстарды шығару және жеткізу қызметін қоспағанда, жұмысты тоқтата тұру және азаматтардың осындай нысандардың үй-жайларына бармай-ақ, әдеттегі режімде тапсырыстарды шығару және жеткізу. 6. Жамбыл облысының тұрғындарына азық-түлік, бірінші қажеттілік заттарын, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды сатып алу, медициналық көмекке жүгіну, сондай-ақ күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, аса қажетсіз болмаған жағдайда тұрғын үйден шығуды шектеу ұсынылады; 7. Темір жол бекеті мен әуежайдың жұмысына төмендегідей шектеулер енгізіледі: – Жамбыл облысында тұратын, бұған дейін одан тыс жерлерге кеткен, тұрғылықты жеріне қайтып келген адамдарды қоспағанда, жолаушыларды перронда пойыздардан түсіруге тыйым салу; – пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын қайтаратын тұлғалардан басқа, темір жол вокзалдарының ғимаратына бөгде адамдардың (шығарып салушылар, қарсы алушылар, жеке тасымалдаумен айналысатын адамдар) кіруіне тыйым салу; – темір жол бекеттері аумағындағы барлық сауда нүктелері мен қоғамдық тамақтану орындарының қызметін тоқтату; – санитарлық-дезинфекциялау режімін міндетті түрде сақтауды қамтамасыз ету; – темір жол кәсіпорындарының ғимараттары мен өндірістік нысандарына кәсіпорындардың қызметіне қатысы жоқ бөгде адамдардың кіруіне тыйым салу. Отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың үш адамнан артық топталып жүруін шектеу қажет. Кәмелетке толмағандардың ересек адамның еріп жүруінсіз жүруіне тыйым салынады. 65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режімін сақтау қажет; Жерлеу шаралары 10 адамнан аспайтын адамның қатысуымен өткізу ұсынылады. Облыс тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін полицейлердің, медициналық, авариялық-құтқару және басқа да коммуналдық және шұғыл қызметтердің (жылумен-газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, энергетика және т.б.) қызметі шектелмейді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі