Саясат

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралады

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралады

⠀Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен, абаттандыру жұмыстары және жекелеген білім беру нысандарының жай-күйімен танысты. ⠀ Кеңестік кезеңде химия өнеркәсібімен қатар жеңіл өнеркәсіп те жергілікті экономиканың алдыңғы қатарлы салаларының бірі болатын. Таразда аяқ киім, резеңке бұйымдарын шығару, жүн өңдеу зауыттары жұмыс істеген. Бүгінде бұл сала Әлима Садықованың "Асыл-Ай" тігін шеберханасы секілді шағын кәсіпорындардың арқасында біртіндеп жанданып келеді. ⠀ Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аталмыш шеберханада дайындалатын мектеп формасының сапасының жоғарылығы мен құнының тиімділігін оң бағалады. ШОБ-тің кез келген субъектісі сияқты кәсіпорын айналым қаражатын толықтыру және өндірістік ғимараттардың тапшылғын бастан кешуде. Сонымен қатар А. Садықова коронавирустық инфекцияға қарсы күреске өз үлесін қосуда. Ол екі мыңнан астам маска тігіп, аз қамтылған отбасыларға таратқан. Медициналық халаттар тігу ісі де ұлғайтылған. ⠀ Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа аталған кәсіпорынның дамуына барынша қолдау көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. ⠀ Облыс орталығындағы Тұңғыш Президент саябағы, дәлірек айтқанда, ондағы жергілікті тоған және ойын алаңы абаттандыруды қажет етеді. Облыс әкімі қала әкімдігіне саябақта көгалдар, өрнектастар төсеу және жақын маңда орналасқан ғимаратта балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін аула клубын ашу аясында жұмыстар жүргізуді тапсырды. ⠀ Сондай-ақ, аймақ басшысы Қонаев, Жансүгіров және Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы саябақты аралау барысында да осындай талаптарға назар аудартты. Жаяу жүргіншілер жолдары мен жайлы орындықтар орнату, жарықтандыру және көгалдандыру мәселелерін уақыт созбай шешу керектігін баса айтты.