ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС АУРУЫН ЖҰҚТЫРУДЫҢ ЕКІ ЖАҢА ДЕРЕГІ ТУРАЛЫ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС АУРУЫН ЖҰҚТЫРУДЫҢ ЕКІ ЖАҢА ДЕРЕГІ ТУРАЛЫ
⠀Сәрсенбі, 1 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус ауруының 2 жаңа оқиғасы анықталды. ⠀ Ауырғандардың бірі Тараз қаласының 41 жасар тұрғыны. Ол "Қызылорда-Петропавл" пойызында Түркістан облысының тұрғынымен қарым-қатынаста болған. ⠀ Онымен жақын байланыста болған 8 адам карантиндік стационарға орналастырылып, коронавирусқа талдаулар алынды. ⠀ Сондай-ақ, бұған дейін Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған "Қызылорда-Петропавл" пойызының 7 жолаушысы анықталып, карантинге алынды. Олардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті. ⠀ Анықталған екінші науқас Жамбыл ауданының 1991 жылы туған тұрғыны болып табылады. Ол 30 наурыз күні Ресей Федерациясынан өңірге оралған. ⠀ Тұрғын елге келген соң бекітілген алгоритмге сәйкес карантиндік стационарға жатқызылған. Талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационарға ауыстырылды. ⠀ Екі емделушінің де жағдайы қанағаттанарлық, ауру жеңіл дәрежеде өтуде. Хаттамаға сәйкес қажетті емдеу шаралары жүргізілуде. ⠀ Санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.