Саясат

Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың өңір тұрғындарына ҮНДЕУІ

Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың өңір тұрғындарына ҮНДЕУІ

Құрметті жамбылдықтар! ⠀ Сіздер коронавирус пандемиясы салдарынан бүкіл әлемдегі жағдайдың қалай тез өзгеріп жатқандығын көріп отырсыздар. Еліміздің барлық аймақтарында дерлік инфекцияны жұқтырудың фактілері тіркелді. ⠀ Біздің басты міндетіміз – індеттің таралуына жол бермеу, азаматтарымыздың денсаулығын барынша қорғау. Осы орайда бұдан бұрын эпидемияға тап болған елдердің тәжірибесін ескере отырып, жұқтырғандар санының өсуін болдырмау мақсатында облысымызда шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды. ⠀ Сонымен қатар, Қордай ауданының аумағында қосымша сақтық шаралары енгізілді.