Қоғам

Тыйым салынған заттардың жолы жабық

The final spritzer

Тыйым салынған заттардың жолы жабық

Түзеу мекемелеріне жақынымен жолығуға келген әр адамға мекеменің ішкі тәртіп ережелерімен тыйым салынған заттар тәркіленген жағдайда қандай жауапқа тартылатындығы туралы қатаң ескертілсе де, заңды белшесінен басқысы келетіндердің легі азаяр емес. Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/1 мекемесінде жазасын өтеуші азаматшаның жеке заттарының ішінен тыйым салынған заттар табылды. Аталған мекеменің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет сержанты Зағипа Марат сотталған Ж есімді азаматшаның жеке заттарына тексеру жүргізу барысында "Nokia" және "Maxvi" маркалы байланыс құралдары бар екендігі анықталған. Айта кетейік, түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды алып өтпекші болған азаматша заң аясында жазаға тартылды. Құндыз Ахашева, ЖД-158/1 мекемесінің психологы