Әлеумет

Жеке кәсіпкерлердің несие бойынша төлемдері кейінге шегеріледі

Жеке кәсіпкерлердің несие бойынша төлемдері кейінге шегеріледі

Жеке кәсіпкерлерге Қазақстанда Төтенше жағдай режиміне байланысты 90 күнге несие бойынша төлемдері кейінге қалдырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбілқасымова екінші деңгейлі банктермен және несиелік нарық субъектілерімен, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлерінің Қауымдастығымен бірлескен шаралары туралы айтты.

Осыған байланысты қарыздар мен микрокредиттер бойынша төтенше жағдай енгізілгендіктен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттері бойынша төлемдерді кешіктірген кезде айыппұлдар мен өсімақылар (тұрақсыздық айыбы) есептелмеуі тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, сонымен қатар, ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерді қоса алғанда, барлық әлемдік қаржы ұйымдары, сондай-ақ қарыз беретін өзге де кредиторлар берген қарыздарға қолданылады ", - деді Мәдина Әбілқасымова. Сонымен қатар, ол несие берушілер қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайда қарыз шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы екенін айтты.

Әбілқасымованың айтуынша, банктер мен кредиттік нарықтың басқа да субъектілері аталған шараларды іске асыру үшін қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тетіктері анықталады.