Президент экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шараларды бекітті
Президент экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шараларды бекітті
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша: 1) салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін салық мөлшерлемелерін белгілесін, салық базасын, салық салу объектілерін, салықтық кезеңді айқындау және салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін; 2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің жекелеген санаттарын; 3) мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібін; 4) мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындасын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, шекті тарифтерді және Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға бағаларды белгілеу; 2) Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды әкелу мен әкету тәртібін айқындау құқығы берілсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 16 наурыз
№ 287