Әлеумет

Бір тәулікте тағы 11 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

The final spritzer

Бір тәулікте тағы 11 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

24 сағатта коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 10 982-ге жетіп, тағы 343 адам қайтыс болды. Жаңа мәліметтерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген, - деп хабарлайды РИА Новости. Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны - 153 517 болса, коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың жалпы саны - 5375.

Қытайдан тыс жерлерде 72 469 адам вирус жұқтырып, 2531 адам қайтыс болған. ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған COVID-19-ды пандемия деп жариялаған. Айта кетейік, пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді. Коронавирус 140-тан аса елде тіркелген.