Әлеумет

Жаңа Зеландияда шетелден келгендердің бәрі карантинге жатуға міндеттелді

Жаңа Зеландияда шетелден келгендердің бәрі карантинге жатуға міндеттелді

Жаңа Зеландияда шетелден келгендердің барлығын 2 апта мерзімге оқшаулау міндеттелді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Іс-шара коронавирустың таралу қаупінің күшеюіне байланысты енгізілді. Тәртіп 16 күннен кейін қайта қаралуы мүмкін. "Біз қазір дерттің кеңінен таралуын болдырмау үшін қатаң іс-шараларды қолға алуымыз керек. Бұл арқылы індеттің әлемге жайылуын тоқтатпасақ та, елге енуін шектей аламыз. Барлық азаматтан шетелге сапар шекпеуін сұраймыз", - деді Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн.