Азық-түлік қоры халықтың қажеттілігін 2-3 ай қамтамасыз етуге жетеді
Азық-түлік қоры халықтың қажеттілігін 2-3 ай қамтамасыз етуге жетеді
Облыстың көкөніс сақтау қоймалары мен өзге де қоймаларында 16,1 мың тонна азық-түлік қоры бар. Оның ішінде картоп – 1210, пияз – 5459, сәбіз – 7 363, сүт өнімдері – 675 және қырыққабат 67 тонна. Сондай-ақ бөлшек сауда нысандарында 1,7 мың тоннадан астам көкөніс өнімдері, 350 тонна ет, 1008 тонна ұн, 488 тонна күріш, 254 тонна қарақұмық, 165 тонна макарон өнімдері, 300 тонна өсімдік майы және басқа да азық-түлік тауарлары бар. Бұдан басқа, облыстың тұрақтандыру қорында 1,3 мың тонна көкөніс өнімдері, 2,6 мың тонна қант, 3 мың тонна ұн және басқа да бірінші қажеттіліктегі тауар қоры сақталынған. Қолда бар азық-түлік қоры облыс халқының қажеттілігін 2-3 айға қамтамасыз ете алады. Бұл ретте күн сайын базарлар мен қоймаларға бірінші қажеттілік өнімдерінің қосымша көлемі түсуде. Облыс әкімдігі жанындағы жұмыс тобы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне күнделікті мониторинг жүргізуде. Тауарлардың құнын негізсіз өсіру фактілері тіркелмеді. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты баға көтерудің қандай да бір фактілері туралы 45-21-24 телефоны бойынша (жұмыс уақытында) хабарласуларыңызды сұраймыз. Жалпы, бүгінгі таңда өңірдің азық-түлік нарығындағы ахуал тұрақты. Облыс аумағындағы сауда орындарында толассыз кезекте тұру жағдайлары тіркелмеген. Тұрғындарды босқа дүрлікпеуге және жалған ақпараттарды таратпауға шақырамыз. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.