Жамбылда не жаңалық?

Меркі

Меркі

Меркінің «Үміт» сарайында «Мектепке – жол» қайырымдылық акциясы болып өтті. Ол «Балаға мейірім сыйла!» деген девизбен өтіп, аудандық білім беру бөлімінің үлкен қолдауына ие болды. Демеушілер мектепке келе алмай жүрген, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен деген 55 балаға мектеп формасын, сумкалар, спорттық киімдер алып берді. Осындай қолы ашық азаматтардың ішінде Меркі жеміс-жидек серіктестігінің директоры Бақыт Сауранбаев та болды.