Жамбыл
Жамбыл
Мемлекеттік емес ұйым ретінде тіркелген «Асыл Баян» қоғамдық бірлестігінің (төрағасы Әмірхан Мырзаев) ұйымдастыруымен Өрнек ауылындағы шағын футбол алаңында аудандық деңгейде шағын футболдан жарыс өтті. Нәтижесінде 9 команда қатысқан доп додасында Өрнек ауылдық әкімшілігінің командасы бірінші орынды иеленсе, ауыл жастарының жетекшісі Еркебұлан Әбдіров «Үздік шабуылшы» атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.