Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

Байзақ

Аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды қолдау мақсатын көздейтін «Мектепке – жол» акциясы аудан орталығындағы А.Суханбаев атындағы демалыс саябағында өткізілді. Игілікті іс-шараға аудандық әкімшілік пен мәслихат депутаттары, жекелей демеушілер атынан оқушыларға спорттық киім-кешектер мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Аталмыш акция ауданның барлық ауылдық округтерінде өткізілді.