Әлеумет

Бес адамды күйік шалды

Бес адамды күйік шалды

Тараздағы 55/13 әскери бөлімінің 4 сарбазы мен бір әскери қызметкері тілсіз жаудың құрбаны бола жаздады. Көлік жөндейтін орталықта болған жарылыстан бесеуінің денесі күйіп қалды. Қазіргі уақытта екі сарбаз ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр, ал өзгелерінің жағдайы бірқалыпты. Денелерін жиырмадан отыз бес пайызға дейін күйік шалған олар бір ай бойы ауруханада емделуі керек. Оқыс оқиға көлік жөндейтін бокстағы шұңқырды тазартып жатқанда орын алған. Болжам бойынша, жанармай құйылған бес литрлік канистр өзінен-өзі жарылып, өртке ұласқан. Қызыл жалынға оранып, сыртқа қарай жанұшыра жүгіргендерді әріптестері көріп, ажалдан арашалап қалған. Әзірге жарылыстың нақты себебі анықталған жоқ.

Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».