«Есірткі бизнесі» есін алғандар
«Есірткі бизнесі» есін алғандар
Терроризммен бір қатарда қазіргі заманғы қоғам індеті есірткі болып табылатынын баршамыз білеміз. Ол қолда бардың барлығынан: денсаулық, жұмыс, дос, туыстар мен жақындардан, ең ақыры өмірден айырады. Кез келген ақыл-есі дұрыс адам өз ауқымымен үрейлендіретін бизнеспен, есірткі бизнесімен айналысатын адамдарға қауіппен әрі айыптай қарайды. Біздің арамызда осы індетпен күресетін жандар да бар. Бірі шабақтарды, енді бірі ірілеу балықтарды аулайды. Ал енді біреулері халықаралық есірткі арналарын анықтаумен айналысады.Әлгіндей «күрескерлердің» бірі – барлық қырынан оң сипатталатын Нұр-Сұлтан қаласы ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Кантурин Марат Мәдиұлы болатын. Оның аты жақсы жағынан аталатын. Алайда елордалық ҰҚК жедел уәкілдері үшін осы бір әсерлі бағалаулардың еш мәні жоқ еді. Керісінше, оларға Кантуриннің елорда аумағында есірткі құралдарын заңсыз өткізу мен таратуға мамандандырылған қылмыстық топты ұйымдастыруы туралы жедел ақпарат аса маңызды болатын.
Дәл осы уақыттан бастап «мақтаулы» подполковник Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жіті назарына ілікті. Кешенді ұйымдастыру, арнайы және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бастапқы ақпарат растала бастайды. Зерттеудің алғашқы күндерінде-ақ жедел уәкілдер Кантуриннің есірткі бизнесі субъектілеріне жалпы қамқоршылық жасауға қатысын куәландыратын мәліметтерді алды, олар құқық қорғау органдарына ҰҚТ қатысушылары ретінде белгілі ағайынды Самойловтар болатын. Осындай күшке ие қожайыны бар Самойловтар ештеңеден қорықпастан, Қазақстанның бас қаласында героин сатқан. Осылайша, «есірткі бизнесіне қарсы күресуші» қызметтік уәкілеттігін пайдалана отырып, 2014-2018 жылдар кезеңінде оған жол бермеудің орнына онымен өзі белсенді түрде айналысқан. Оның үстіне өзінің қызмет көрсеткені үшін айына 500 мың теңге алып отырған. Жеңіл ақша тойымсыз қызметкердің аранын аша түсті, ол ұстау кезінде алынған есірткілерді одан әрі тарату үшін Кирилл Самойловқа берудің қитұрқы жолын ойлап табады. Олар ақшаны тең бөліп отырған. Сөйтіп полиция қызметкерінің өмірі ертегіге айналып, ол енді тек заң сақшысы ғана емес, сондай-ақ есірткі тобының жетекшісі болады. Қымбат қол сағаты, брендке айналған киімдер, автокөлік пен қымбат кештер Кантурин өмірінің ажырамас бөлігіне айнала бастайды. Мұндай өмір салты оның көңілінен шығып, подполковниктің жанама заңсыз бизнесі дами түседі. Онымен бір мезгілде ҰҚК қызметкерлері жүргізіп жатқан зерттеу де дамып жатқан еді. Кантуриннің бұл ісі тигізетін зияны тұрғысынан 10 жылға бас бостандығынан айыруға татитын. Подполковник кезекті кездесуде Самойловқа сату үшін 2 килограмм героин береді. Осы қадам болмай қалған Эскобар ақырының басы болды. Біраз уақыт өткеннен кейін Самойлов Кантуринге «тауарды» сатып алудан бас тартатынын хабарлайды, себебін сапасының төмендігімен түсіндіріп, оны қайтадан алып кету үшін нақты орнын айтады. Кантуринге героин емес, ақша керек болатын. Осы арада оның басына тың ойлар келе бастайды. «Жаңа жылға жаңа табыспен» деген ұранды ұстанған полиция қызметкері Кирилл Самойловқа қатысты қолда бар ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы ІІД ҰҚКБ-ға тапсырады, өз кезегінде аталған бөлімше қызметкерлері оған дереу ден қояды. Сонымен 2018 жылғы 9 қаңтарда «заң сақшысының» нұсқауымен Кирилл Самойловты және оның ағасы Олег Самойловты 1 килограмм 734 грамм салмақпен қолға түсіреді. Операцияның қысқа мерзімде жүргізіліп, жерге көмілген героиннің Самойловтар үйіне көршілес учаскеден табылуы кереметтілігімен ерекшеленетін. Нұр-Сұлтан қаласының ҰҚК жедел уәкілдерінің көз алдында Голливудтың үздік дәстүрлеріндегі қылмыстық шытырманның сюжеті ойналып жатты. Жалпы алғанда, оқиға өзінің логикалық шешіміне жеткен сияқты. Алайда Кантуринге бұл да аз көрінді. Самойловтардың ісі бойынша тергеуші, аға лейтенант Мақсат Әзімханмен сыбайласып, ол тағы да пайда таппақшы болады. Самойловтар әулетінің барлығымен таныс болғандықтан, Кантурин оларға істерін Қылмыстық кодекстің анағұрлым жеңіл баптарына ауыстыру түрінде көмек ұсынады. Бірақ ол сол уақытта осы әрекеті оған бұрын жасалған құқық бұзушылықтарына тағы да бірнеше жыл қосып берерін білмеген еді. Оқиғаның жалғасы ретінде өзінің қызмет көрсетуі үшін ол Кириллге 25 мың және Олегке 20 мың есебінен 45 мың АҚШ долларын сұрайды, оны Кирилл Самойловтың жұбайы тергеушіге апарып береді. Біраз уақыт өткеннен кейін қылмыстық іс тек Олегке қатысты бөлігінде ғана қайта қаралып, ал, Кирилл үшін өзгеріссіз қалады. Шешімі – 10 жылға бас бостандығынан айыру. Тиісінше осы факті Кириллдің жұбайын қатты толғантып, ол Кантуриннен 25 мың АҚШ долларын қайтаруды талап етеді. Мұндай ақша онда мүлдем болмаған еді. Осы тұста көпшілікке таныс «күнде ертең» әңгімесі басталады. Наталья ешқандай ақшаны көрмейтінін байқап, тергеушіні тиісті органдар мен инстанцияларға арыз жазамын деп қорқыта бастайды. Әзімхан ықтимал салдарларды түсініп, Натальяның қорқытуын шынайы қабылдайды да, болған кездесу туралы дереу Кантуринге хабарлайды. Ол болса алдағы іс-әрекетті талқылау үшін Кириллдің жұбайын ПД ғимаратына шақырады. Кейінгі бірнеше кездесуден кейін ҰҚК қызметкерлері ПД қызметкерлерінің пара алуы және жалпы қамқоршылық көрсетуі бойынша бұлтартпас дәлелдер алады. Кантуриннің ұмтылысына тиісті бағасын беру керек. 2018 жылғы 15 маусымда ол Натальяның 100000 теңгесін қайтарады, келесі аптада тағы 500000 теңге беретінін айтып, қарызды біртіндеп жабуға уәде береді. Кантурин Кириллдің жұбайына есірткі құралдарын сатумен айналысуды және оған «жасыл дәліз» ұйымдастыруды ұсына отырып, оны көндіруге тырысады. Сонымен қатар үш сыған отбасына қатысты жедел іздестіру іс-шараларын аяқтап жатқанын және олардан алынған есірткі құралдарын сату үшін Натальяға бере алатынын ымдайды. Сөйтіп Кантурин өзіне тағы да қосымша мерзім қосып алды. Себебі Самойлова Наталья бұл уақытта ҰҚК елордалық департаментінің жедел уәкілдері мен тергеушілеріне жәрдем көрсетіп жатқан болатын. Барлық әңгімелесулер мен кездесулер чекисттердің кабинеттерінде егжей-тегжейлі түрде сақталып жатқан еді. 2018 жылғы 10 тамызда Кантурин уәде бойынша Натальяға 700 грамм героин әкеп береді, ол кейіннен тиісті сараптамамен расталады. Бұл Кантуриннің бостандықтағы жазының соңғы жайдары күндері болатын. Жақын арада ол ұзақ уақыт бойы жылдың барлық төрт мезгілін темір тордың арғы жағында өткізетін болады. 2018 жылғы 28 тамызда ҰҚК қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы ПД жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, сол кезде ЕКБ бастығының міндетін атқарушы лауазымындағы подполковник Марат Кантуринді ұстайды. Елордалық комитетшілердің қолында бар бұлтартпас дәлелдерге қоса Самойловтардың ұялы телефондары алынды, онда Кантуриннің жоғарыда айтылған әрекеттерін растайтын диктафон жазбалары бар болатын. Тергеуші де ұзақ серуендей алмады, ол сол жылдың 10 қыркүйегінде ұсталды. Түпкі нәтижесінде Марат Кантурин ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізгені, лауазымдық уәкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен, қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу колониясында мерзімін өтеуге 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Мақсат Әзімхан пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен қауіпсіздігі төмен түзеу колониясында мерзімін өтеуге 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Альмира МАРАТҚЫЗЫ.