Мерейтойға дайындығымыз қандай?

28

Биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл. Мерейтойды ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақала жариялағаны белгілі.
Осыған орай, сонау мұхиттың арғы жағындағы Америкада бабамыздың мерейлі датасы мен әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған монета мен ашық хат шығара бастады. Ал Швейцарияда қос мерейтойдың құрметіне пошталық маркалар жарық көргенін бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып-біліп жатырмыз.
Бұған бізде тек мемлекет емес, өңіріміз де өзінше үлес қосса. Мәселен, ұлы ақынның атымен аталатын Абай даңғылына данышпанның қара сөздері мен өлеңдері ілінсе. Сол сияқты Әулиеата әуежайына, шаһардың басты көшелеріне де жазып қойсақ, бұл да бір 175 жылдыққа қосқан титтей де бір үлесіміз саналар еді. Сондай-ақ қоғамдық көліктерге де сөз шеберінің нақылдары ілінсе, құба-құба болар еді.

Барат МЫҢБОСЫНОВ,
зейнеткер.

Тараз қаласы.

Comments are closed.