- Advertisement -

Ауылдағы есепшілер жайы ескерілсе дейміз

63

- Advertisement -

6 қазанда бейресми түрде есепшілер күні аталып өтеді. Ол кеңес заманынан келе жатқан дәстүр. Есепшінің жұмысы мұқияттылық пен дәлдікті талап етеді. Себебі, олардың қолында жәй ғана сандар емес, білдей кәсіпорындардың тұрақты жұмысы мен адамдардың тағдыры тұр.
Соңғы жылдары ауылдық жердегі бюджет мекемелері мен кәсіпорындарда есепші мамандарының тапшылығы байқалуда. Себебі есепшілер мен экономистер еңбекақылары жоғары ұлттық холдингтер, компаниялар мен фирмаларға қызметке кетуде.
Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына төленетін жалақыларына теңестіріліп, елді мекендерде тұратын есепшілер мен экономистердің айлығына да қосымша 25 пайыз қосылып, төленсе екен. Әрі биылдан бастап білім беру – 25, мәдениет саласы мамандарының айлықтары 35-50 процент көлемінде өскені мәлім.
Елімізде үнемі мәдениет, әдебиет, өнер, дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерін ұлттық, кәсіби мерекелерге орай марапаттау жүзеге асырылады. Осыған орай бюджет мекемелері мен кәсіпорындарының еңбегі сіңген есепшілері мен экономистерін де арнайы мерекелерде марапаттаса, ондай құрмет мамандарға күш-жігер сыйлап, ынталандыра түсер еді.

Төле НАРЖАНОВ,
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің бас есепшісі.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support