Саясат

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы қызметіне Алмас Мәдиев тағайындалды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы қызметіне Алмас Мәдиев тағайындалды.

Алмас Өскенбайұлы Мәдиев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Инженер-экономист», 2000 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл технологиялық институтының оқытушысы болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының бастығы қызметтерін атқарды. 2009-2014 жылдары – «Оңтүстік» ӘКК ҰК» АҚ қаржы директоры, басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ қаржы департаментінің директоры, «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болды. 2014-2017 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы, Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды. 2017 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы ақпанға дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы ақпаннан бастап шілдеге дейін «Алматы» ӘКК АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.