Экономика

34,5 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЫ САТЫЛДЫ

34,5 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЫ САТЫЛДЫ

Өткен сенбі күні облыс орталығынан тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын артқан әлеуметтік автокеруен Сарысу ауданына жетті. Жаңатас қаласының орталық базарында өткен жәрмеңкеде тұтынушылар көп болды. Өйткені әлеуметтік керуен жеткізген азық-түлік тауарының бағасы базар мен басқа сауда орындарындағыға қарағанда біршама арзан. Мәселен, картоп бағасының килограмы-80, пияз – 45, 50 килограмдық жоғары сұрыпты ұнның қабы – 6000, сәбіз – 55, пияз – 50, күріш – 25 сұйық майдың 5 литрі – 1650, 25 килограмдық бір қап қант 4750 теңгеге арзандатылған бағада сатылды. Жәрмеңке Саудакент ауылында жалғасын тапты. Әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесіне іргелес ауылдардың тұрғындары да ағылды. Олар да сауда көрігін қыздыра түсті. Ұйымдастырушыларға деген алғыстарын жеткізген ауылдықтар осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын жеткізді. Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылында әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесінде тұрғындарға 34,5 тонна азық-түлік тауарлары төмен бағада өткерілді. Дариха Үмбетиярова, журналист. Сарысу ауданы.