Әлеумет

Субсидия беріле ме?

Субсидия беріле ме?

Жылда қант қызылшасын егіп, оны қант зауыттарына өткіземіз. Бүгінге дейін тәтті түбірдің әр килограмына мемлекет белгілеген субсидияны алып келдік. Енді биыл қант қызылшасын өсірушілерге субсидия берілмейді дейді. Осы ақпарат рас па? Беріккүл Айнабекова, «Ержан» шаруа қожалығының жетекшісі. Жуалы ауданы. Қант қызылшасы алқаптарын азайтпау туралы тапсырма берілді. Оның көлемін биыл арттырмаса, кемітпейміз. Ал балтамыр өсірушілердің алаңдауына негіз жоқ. Биыл да оның әр килограмына 12 теңгеден субсидия төленетін болады. Оған облыстық бюджеттен 1,5 миллиард теңге қарастырылып отыр. Тұңғыш ТЫНЫСБЕКҰЛЫ, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы.