Тары шұжық

40

Майлы қой етінің жарты килограмдайын майдалап, оған 2-3 бас пиязды турап қосады. Аздап қана бұрыш, тұз себеді де, үстіне еттің жартысындай мөлшерде тары не оның жармасын араластырып, ішекке не бүйенге бостау қып тығып, оның екі ұшын байлап қояды. Бір-екі жерінен істікпен тесіп, 1 сағаттай пісіреді. Ыстық күйінде де, салқындатып қойып та жеуге болады.

Comments are closed.