Әлеумет

ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІН КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?

ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІН КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?

Биыл мүмкіндігі шектеулі қанша жан инватакси қызметін пайдалануда? Ол қай топтағыларға арналған?

Әбдіқадір МҰСАЕВ, Тараз қаласының тұрғыны.

Облыста қазір 45 878 мүгедек бар. Оның ішінде І топтағылар – 4174, ІІ топтағылар – 18488, ІІІ топтағылар 16705-ті құраса, кәмелетке толмағандары – 6511. Ал осындағы І топтың мүгедектері мен мүмкіндігі шектеулі балалары инватакси қызметін пайдалана алады. Қазір олардың саны 2323-ті құрап отыр.

Тимуржан НҰРЫМБЕТОВ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.