Жол да, электр бағандары да тозып тұр
Жол да, электр бағандары да тозып тұр
Сөгеті ауылына баратын 6 шақырым жол тозып, сиқы кеткелі қашан? Өзге ауылдарға асфальт төселіп жатқанын баспасөзден оқып, теледидардан көріп қаламыз. Қазір Құдайға шүкір, ауыл әкімдеріне билік берілді. Қолдарына қаражат та беріліп жатқан шығар, ендігі. Сонда деймін-ау, бүлінген жолды кім жөндейді? Қайыңды мен Мамайқайыңды, Сөгетіге тартылған электр бағандарының тұрғанына да жиырма жылдай мезгіл болып қалды-ау. Әбден тозығы жеткен. Біздің жақты білесіздер, алаң ашық, жел азынап соғады. Аудандық электр желісін тарататын мекеменің басшылары ғой, жиі ауысатын болды, ал әлгі бағандар қашан ауысады?..
Сайлау Әбішев, Қайыңды ауылының тұрғыны.
Т. Рысқұлов ауданы.