- Advertisement -

Қарияға қолғабыс жасап, батасын алды

34

- Advertisement -

Ел Президентінің Жарлығымен ағымдағы жыл Еріктілер жылы болып бекітілгені мәлім. Қоғамның әлеуметтік дамуына, ізгілікке ұмтылуына, кез келген азаматтың жақсылық жасау арқылы айналасына пайда келтіруіне, ілкімді істерімен өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік ұшқынын ұялату, мейірімділік қасиеттерді сіңіру жолында мұндай шараның маңызы зор.
Аталған жыл аясында Шайдана ауылының жастары Сәрсенбі Көпбергенұлы көшесінің тұрғыны, қарт кісі Лесбек Байұзақовтың үйінде абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Электр бағанасына кедергі жасаған тал-дарақтарды отап, арық-атыздарын тазартты. Бұталған ағаштарды қыстық қоймаға жиыстырып, сауапты іс жасады.
Еріктілер құрамындағы Нұрлан Сұлтанұлы: «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына біз де өзіндік үлесімізді қосқымыз келеді. Еріктілер жылы ауданымызда, елімізде көпке үлгі боларлық игі істер төбе көрсететініне сеніміміз мол. Бүгін ауыл жастарымен бірлесіп, Лесбек ағамыздың шаруасына қолғабыс етіп, батасын алдық. Алдағы уақытта бұл істі жалғастырамыз», – дейді.

Ақжігіт Жетпісбай,
журналист.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support