- Advertisement -

Сортөбе маңында мұнай ұрлайтын құбыр табылған

53

- Advertisement -

Қазақ-дүнген жанжалы болған Сортөбе елді мекені бұған дейін де дауға қалған. 2019 жылдың қазан айында осы аймақтан Қырғызстанға контрабандалық жолмен жанар-жағар май тасымалданғаны анықталған.

Сол уақытта қырғыз жеріндегі «Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Кен-Булун ауылында жанар-жағар майды контрабандалық жолмен тасу үшін орнатылған ұзын құбыр табылды» деп Қырғызстанның экономикалық қылмысқа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Ұзындығы 3 шақырымға жуық құбыр арқылы Қазақстаннан Қырғызстанға қарай жанар-жағар май тасымалданып, әрі қарай заңсыз саудаға шығарылып отырған. Оның көлемі, болжаммен, күніне 100 тонна шамасында. Жақын маңнан май тасымалына қажет құрал-саймандар мен құятын ыдыстар жиналған орын да табылған.

Кәзір мемлекетке келтірілген шығын сомасы мен қылмыстық жобаны ұйымдастырушылар, оларға қатысы болуы мүмкін мемлекеттік лауазымдағы қызметкерлер туралы анықталып жатыр.

Өз тарпымыздан ескерте кетсек, қылмыстық іс-әрекет жүзеге асып келген аудан – қырғыз жағынан Тоқмақ қаласы мен Кен-Булун ауылы, қазақ жағынан Сортөбе мен Ауқатты ауылдары. Бұл ақпанның 5-7 күндері ұлтаралық қақтығыс орын алған ауылдардың бірі.

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

zhasalash.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support