Экономика

Бір күнде 12 өрт оқиғасы орын алды

Бір күнде 12 өрт оқиғасы орын алды

және көп қабатты бір үй мен бір мекеменің шатыры ұшып кетті

Биылғы жылдың 9 ақпан күні сағат 8.00-ден 10 ақпан күнгі 8.00-ге дейін облыс аумағында 12 өрт оқиғасы және өрт болып саналмайтын 31 жану оқиғасы орын алды. Орын алған 12 өрт оқиғасының 9-ы жиналған шөпханада тіркелген, нәтижесінде 72,2 тонна шөп жанып кеті. Өрттің шығуы ауа райы температурасының күрт жылуынан тұрғындардың өздерінің ауласында жаппай тазалау жұмыстарын жүргізуі және қалдықтарды өртеуі кезінде тез арада өршіп кетуі салдарынан, сондай-ақ желдің әсері құрғақ шөптің жануына әкеп соққан және бұл жанулар аула аумағында орналасқан шөпханаларға өтіп кетуінен орын алды. Қалған үш өрт оқиғасының бірі – Мойынқұм ауданы «Алматы-Екатеринбург» автокөлік жолы бойында орналасқан сауда дүңгіршегінде, енді бірі Тараз қаласында құрылысы аяқталмаған тұрғын үйде және тағы бірі Қаратау қаласындағы тұрғын үй ауласындағы сарайда болды. Бұл үш өрттің де шығуы – тұрғандардың отты қолданудағы абайсыздығынан болып отыр. Жалпы бұл күні тұрғын үй қоры аумағында және далалық алқапта өрт деп саналмайтын 31 жану оқиғасы орын алып, желдің әсерінен от шарпыған аумақ 23,848 гектарды құрады. Жану оқиғасы қалдықтарды қараусыз жағу, темекі тұқылын сөндірмей кез келген жерге тастай салу және тағы басқа да осындай немқұрайлықтан орын алған. Қауіпті метеорологиялық құбылыс әсерінен 9 ақпан күні Жамбыл ауданының Аса ауылында секунтына 24 метрге дейін соққан күшті желдің салдарынан 5 қабатты тұрғын үйдің көлемі 792 шаршы метр және «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының екі қабатты ғимаратының, көлемі 200 шаршы метр шатыры ұшып кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Жергілікті жерде төенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен комиссиясы жұмыс істеуде. «Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10-12 ақпан аралығында облыста күннің ысуы және жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, таулы өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы мүмкін. Осыған байланысты, халықты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Қажетті ақпарат алу үшін «Darmen» тегін мобильді қосымшасын пайдаланыңыз. «Darmen» қосымшасын өзіңіз, балаларыңыз бен жақындарыңызға орнатуға кеңес береміз. «Darmen» мобильді қосымшасы «Play market /darmen/» және «App store /darmen/» жүктеу үшін қолжетімді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті.