- Advertisement -

14-ықшам аудан қашан салынады?

61

- Advertisement -

Бәріміз Сүлейменов көшесінің соңынан 15-ықшам ауданның салынып, онда адамдардың қоныстанып, тұрып жатқанын білеміз. Ал «Автобекет» жақтағы 14-ықшам аудан салынады ма? Салынса ол қашан басталады және онда тұрғын үйлерден басқа қандай нысандар болады?

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Автобекет» аумағындағы 100 гектарда бой көтеретін 14-ықшам ауданда 5 460 отбасына арналған 9 және 12 көп қабатты 49 тұрғын үй соғу жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған алқап газ және байланыс желілерімен қамтамасыз етілсе, жылумен қамту жұмыстары 2020 жылы аяқталады. Жалпы мұндағы инженерлік инфрақұрылымдарының құрылыс жұмыстарын 2021 жылы толығымен аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар аталған алқапта әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының да құрылыстары жоспарланған. Атап айтсақ, әрқайсысы 900 орындық 2 мектеп, 280 орындық 2 балабақша, 300 орындық көпбейінді аурухана салынады.

Айтқазы Қарабалаев,
Тараз қаласының әкімі.

Арай Үмбетәлиева,
Тараз қаласының тұрғыны.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support