Саясат

Тендерлік құжаттар уақтылы дайындалуы тиіс

Тендерлік құжаттар уақтылы дайындалуы тиіс

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен 2020 жылға жоспарланған мемлекеттік сатып алу мәселелері талқыланды. Жиында облыстық қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева мемлекеттік сатып алу бойынша өткен жылдың атқарылған жұмыстары жөнінде баяндама жасап, биылғы жоспармен бөлісті. Өз кезегінде өңір басшысы барлық тендерлік құжаттардың уақтылы дайын болу қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар өткен жылдары жіберілген олқылықтарды түзету керектігін де алға тартты. Бұдан өзге мемлекеттік сатып алуда жергілікті жердегі кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Аталған жұмыстар бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға талдау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Басқосу соңында облыс әкімі басқарма және мекеме басшыларына мемлекеттік сатып алу конкурсын дер кезінде жариялауды тапсырды. Сондай-ақ жергілікті және отандық тауар өндірушілерге баса назар аудару қажеттігін жеткізді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.