Жарна төлеуден кімдер босатылады?
Жарна төлеуден кімдер босатылады?
– Жаңа жылдан бастап мекеме-кәсіпорындарда еңбек ететін қызметкерлердің жалақысының бір пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударыла бастады. Сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің барлығы жарна аударуға міндетті ме?
Гүлжамал ТІЛЕУБЕРДИЕВА, Тараз қаласының тұрғыны.
– «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 27-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер мынадай санатқа жататын азаматтар үшін аударым төлеуден босатылады: Балалар; жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар; зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар; мүгедектер, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқандар. Сонымен қатар жоғарыда аталған заңның 28-бабы 7-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, қорға осы заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар (барлығы – 15 санат) жарна төлеуден босатылғандығын жеткізгім келеді.
Мавлюда БОҚАЕВА, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының директоры.