Елбасына «СарыарқаАвтоПромда» жасалған автомобильдер көрсетілді
Елбасына «СарыарқаАвтоПромда» жасалған автомобильдер көрсетілді
Елбасы Қостанай облысындағы жұмыс сапары барысында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ға барды. Кәсіпорынды аралау кезінде Мемлекет басшысы Toyota Fortuner
және SsangYong Nomad автомобильдерін құрастыру үдерісімен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев өндірістік цехтарды аралап көрді және кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті. Дайын өнімдер қоймасында Қазақстан Президентіне кәсіпорында шығарылған автомобильдер көрсетілді. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС автомобильдер мен өзге де моторлы құралдар шығарады. Өндірістік қуатына сәйкес, кәсіпорын жылына 1500 автомобиль құрастырады. Онда 500-ге жуық адам жұмыс істейді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz