Құрғақ сөз емес, нақты іс керек
Құрғақ сөз емес, нақты іс керек
Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында «Меркі қант зауытының» шаруаларға қарызды қайтару мәселесі қаралды. Айта кетейік, аталған қант зауытына қант қызылшасын өткізген 170 шаруа қожалығы ақшаларын ала алмай жүр. Келісімшарт бойынша бұл қаражат 90 күн ішінде төленуі тиіс болатын. Алайда қазірдің өзінде 50-ден астам диқанның ақша алатын мерзімі белгіленген уақыттан асып кеткен. Басқосуда аймақ басшысы екі-үш шаруа қожалық жетекшілерінің уәждерін тыңдап, мәселенің мәнісіне көңіл бөлді. Асқар Исабекұлы зауыт басшылығына қарыз шығындарын қалайда уақыт созбай қайтару керектігін ескертіп, ол үшін құрғақ уәде емес, нақты жоспар-кестесін құруды тапсырды. Сондай-ақ шұғыл барлық шаруа қожалық жетекшілерімен кездесіп, берешекті өтеу бойынша жоспар-кестемен таныстырып, келісімге келудің маңыздылығын жеткізді. Егер де наразы топ келісім бермесе, онда құзырлы органдар мәселенің ақ-қарасын анықтайтын болады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.