- Advertisement -

Облыс басшысы жас ғалым Исаак Мустопуломен кездесті

81

- Advertisement -

Өзінің жастығына қарамастан тараздық талантты бозбала Исаак Мустопуло ғарышқа ұшу үшін баламалы энергия көздерін алу жолын зерттеп, өзіндік теориясын жасап шыққан. Ғылым жолында ізденіп жүрген ол Лондонда әлемге әйгілі физик Стивен Хокингпен де кездескен.
Жас ғалым осы уақытқа дейін мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған STEM инновациялары ұлттық конкурсының лауреаты атанып үлгерген. Сондай-ақ, өткен жылдың қараша айында Корея елінде өткен Ақпараттық технологиялар байқауында үздік деп танылып, жеңіске жетті. Ол байқауға әлемнің 23 елінің өкілдері қатысқан еді.
Сенбі күні облыс әкімі Асқар Мырзахметов дарынды жас Исаак Мустопуломен арнайы кездесті. Асқар Исабекұлымен кездесуге 17 жасар жас ғалым өзінің анасы Майра Талғатқызымен бірге келді.
– Бүгінде біздің қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша жағдай жасалуда. Әрине, бұл қуантарлық жағдай. Шындығында, әлемдегі сан сала қарқынды даму үстінде. Мұндай үдерістен Тараз қаласы да қалыс қалмай, оң өзгерістер болып жатыр, – деді И.Мустопуло.
Айта кетейік, бүгінде аймақта 166 балабақша мен 331 мектепте инклюзивті білім беруді дамытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Яғни, пандустар, тұтқалар, кең есіктер, демалыс бұрыштары, тактильді жолдар және дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін басқа да қолайлы жағдайлар жасалған. Бұдан өзге 46 орта және арнаулы оқу орындарының 20-сында ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттердің еш кедергісіз білім алуы қамтамасыз етілген.
Өз кезегінде аймақ басшысы Исаак шектеулі физикалық мүмкіндік мақсат жолында кедергі болмайтынын дәлелдейтін адамның жарқын үлгісі екендігін атап өтті. Бүгінде біздің қоғамға табысты идеяларды қалыптастыра алатын, креативті ойлайтын жастар қажет-ақ. Осы орайда Асқар Мырзахметов жақында ашылған Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы өзара ғылым жолындағы жастар үшін үйірме немесе клуб ұйымдастыру туралы ұсынысын айтты. Онда жастар тек ғылымды ғана емес, сонымен қатар мәдениетті дамыту, жас ұрпақ арасында рухани құндылықтарды насихаттау мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара талқылауға зор мүмкіндік алмақ. Исаак бұл бастаманы қуана қолдады. «Егер клубты облыс көлемінде ұйымдастыратын болса, онда жастар үшін кең перспективаларға жол ашылмақ», – деді жас ғалым қуанышын жасыра алмай. Кездесу соңында облыс әкімі Исаак Мустопулоға облыстың тарихы топтастырылған фотоальбом сыйлап, оған жетістік тіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support