- Advertisement -

Тараздықтар тегін медициналық көмек алды

87

- Advertisement -

Еріктілер жылын қолдау аясында облыстық білім басқармасы және Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Жүректен жүрекке» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен Тараздағы «MART» сауда орталығында «Өмір қымбат, өмір сүру одан да қымбат!» атты акция өтті.
Онда Жамбыл жоғары медициналық колледжінің еріктілері қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары салмақ пен бойларының сәйкестіктерін салыстырып, қан қысымын өлшетіп, қан құрамындағы қант мөлшерін тегін тексертуге, кеңес алуға мүмкіндік алды.
Жалпы бүгінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінде еріктілердің екі тобы жұмыс істейді. Ол топтарға 200-ге тарта студент мүшелікке қабылданған. Олар сабақтан бос уақыттарын осындай игілікті істерге жұмсап, қайырымдылықпен айналысады. Колледж еріктілері «Ең үздік еріктілер – 2018» және «Үздік салалық еріктілер» республикалық сайыстарында дипломдармен марапатталып, облыстық «Ерікті жастар: Ар-ұждан дауысы» еріктілер байқауында жүлделі екінші орынды жеңіп алған. Акция барысында еріктінің бірі Аяжан Әділханды сөзге тартқанымызда:
– Мен еріктілер құрамында болғаныма өте қуаныштымын. Себебі маған ізгі іспен айналысу өте ұнайды. Үлкендердің батасын алып, қайырымдылық көрсету – адам жанын ізгілендіре түседі деп есептеймін.
Бұл біздің алғашқы акциямыз емес, әрине. Біз үнемі қарттар мен балалар үйлеріне барып, қолұшын созып, концерт қойып тұрамыз. Жалғызілікті жандарға барып тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Кез келген мерекелердің де басы-қасында жүреміз. Өзім қатарлы студенттердің барлығын қатарымызға шақырамын, – деп жымиды.
Акция барысында медициналық нұсқаулықтар жазылған буклеттер, дәрумендер, медициналық маскалар да тегін үлестірілді.

 

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support